"Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
Государственное учреждение "Отдел образования по Коргалжынскому району управления образования Акмолинсой области"

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтініштер 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін қабылданады.

27.03.2024

⌛ Білім беру ұйымдарында бірінші сыныпқа қабылдау бойынша өтініштер 1 сәуірден бастап 31 тамызға дейін қабылданады.
👭 1-сыныпқа оқуға балалар тестілік немесе конкурстық рәсімдерді қолданусыз алты жастан қабылданады. Қабылдау даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.  
🖥️ Құжаттарды қабылдау «электрондық үкімет» веб-порталы egov.kz арқылы жүзеге асырылады. 
📄 Портал арқылы өтінім беру үшін келесі құжаттар пакеті қажет:
✔️ ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
✔️ медициналық анықтамалар:
1️⃣   денсаулық жағдайы туралы № 065/у нысаны (егу картасы)
2️⃣   № 026-3/у нысаны (баланың денсаулық паспорты)
✔️  баланың сандық фотосуреті 3х4 см.
❌ Құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз болып табылады:
1️⃣ сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы;
2️⃣ өтініш беру мерзімі осы ережелерде белгіленген мерзімге сәйкес келмеуі;
3️⃣ көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың анық еместігінің анықталуы; 
4️⃣ көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Просмотров: 766


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст